Day: Ақпан 2, 2020

Көркем гимнастика

Бүгін қосымша білім беру педагогы  М. К. Сайфуллина көркем гимнастикадан топішілік жарыстар өткізді. Жас гимнастшылардың әдемі қойылымы көрермендерді, ата-аналарды баурап алды. Бірінші оқу жылының қыздары жақсы созылып, әдемі қимылдады. Түйреуішпен  жаттығуларды орындады. Екінші оқу жылының қыздары бойлық және көлденең шпагаттарға топтық тапсырмаларды нақты әрі синхронды орындады. Әр қойылым ата-аналардың қол шапалақтарымен аяқталды. Жарыс соңында қатысушыларға “Оқушылар сарайы” директорының қолы қойылған жүлделі орындар үшін грамоталар табыс етілді.