Day: Ақпан 25, 2020

Экология тақырыбындағы миниатюралар


Жас әртістер көрермендерге экология тақырыбында миниатюралар ұсынды. Барлық миниатюралар табиғатты қорғауға арналды. Дәл осындай экологиялық миниатюралар балаларға табиғатты көбірек түсінуге, оны сүюге және қорғауға дағдылануға көмектеседі.  Әр түрлі сюжеттер ұсынылды. Ең үздік спектакльдерді марапаттау 2020 жылдың 26 ақпан күні сағат 15.00-де Экология-биологиялық бөлімшесінде (Орбита ы/а, Щепкин к, 27) өтеді. 

“Сырым бар жүрегімде”

2020 жылдың 22 ақпан күні  Республикалық “Сырым бар жүрегімде” атты ән байқауында Оқушылар сарайының жас таланттары, “Шабыт”  эстрада ән вокалының шәкірттері өнер көрсетіп, жүлделі орындар иеленді. Атап айтсақ:

 
1. Майдан Аймауыт- 1 орын.
2. Тұрдалы Дастан 1- орын.
3. Болат Балым 1- орын
4. Бекмырза Іңкәр 1- орын.
5. Мұқанғали Сұлтан 2- орын
6. Бостан Нұрболат 2 – орын.
7. Мұратхан Аман 3- орынды иеленді. 

 8. Абдибекова Айнель үздік бас жүлде иегері болды.

            Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтай отырып, биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз. 

“Қанатты досқа көмектесейік”мәдени-экологиялық акциясы.

         2020 жылдың 23 ақпан күні Алматы қаласы Оқушылар сарайының Туристік-өлкетану бөлімінде “Қанатты досқа көмектесейік!” атты мәдени-экологиялық акция өтті. Акция барысында “Медеу” стансасының аумағына құстарға ұя жасау және іліп қою практикалық іс-шаралары жүргізілді. Осы акцияның негізгі мақсаты: оқушыларға құстар туралы білімдерін кеңейту және тереңдету, құстарды қорғау, заманауи орнитологияға қол жеткізуді насихаттау (құстардың ғылым үшін маңызы, адамзат үшін құндылығы), табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруге дайындығын дамыту, табиғатты қорғауға және қалпына келтіруге қатысты белсенді ұстанымды қалыптастыру.  

Дайындық барысы

Көркемөнер бөлімінің қосымша білім беру педагогы А.Ш. Когут шәкірттерімен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне дайындық өткізуде. 

Ашық сабақ

Ағымдағы жылдың 21 ақпаны күні Оқушылар сарайы музыка мектебінің педагогы Ван Максим Лицзеевич “Музыкадағы үннің туыстық дәрежесі” тақырыбында 4 сыныпқа ашық сабақ өтті”.      

«Натюрморт» жанрында картиналар салу.

Көркемөнер бөлімінің қосымша білім беру педагогы, жас маман Болат Айдана                      2020 жылдың 21 ақпан күні «Натюрморт» жанрында картиналар салу тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: бейнелеу өнері жанры – натюрмортпен оқушыларды таныстыру. Натюрморттарды тамашалау аса бір әсерлі сәт. Натюрморт салуды суретші оны құрастырудан бастайды. Ол әртүрлі заттарды таңдап салыстырып, солардың ішінде түр және мазмұны жағынан бір-біріне сәйкес заттарды іріктеп алады. Содан кейін суретші натюрморттың композициясын құруға кіріседі. Заттардың орнын қайта-қайта ауыстырып, ең ұтымды нұсқасын іздей отырып, суретші аса тартымды компазицияға қол жеткізеді.