Month: Наурыз 2020

Құрметті достар!


Сіздерді Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Наурыз — көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

Ізгі ниетпен,
Алматы қаласы Оқушылар сарайының ұжымы.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы қаласы Білім басқармасы «Оқушылар сарайы» МКҚК балалар бірлестіктеріндегі қосымша сабақтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылдың 14 наурызы №108 бұйрығы негізінде Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, жетім-балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы (т.6: «қосымша білім беру ұйымдарының, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметі 2020 жылғы 5 сәуірге дейін») қашықтықтан оқытуға негізделсін.  



Блицтурнир

Оқушылар сарайы спорт бөлімінің «Шахмат» балалар бірлестігінің педагогы В.Я. Кулакова  жас шахматшылар арасында блицтурнир өткізді.  Шафиков Эмиль – 1 орын, Муссалиев Амир – 2 орын, Амиров Санжар – 3 орын иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!  

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Дана ақын» іс-шарасы

2020 жылдың 27 ақпан  күні Туристік-өлкетану бөлімшесінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Дана ақын»  атты шара өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлініп, ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, қара сөздері, басқа тілден қазақ тіліне аударылған шығармашылығы туралы құрастырылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, Ұлы Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, өз өнерлерін көрсетті. 

Бокс әдістері

Оқушылар сарайы Спорт бөлімінің қосымша білім беру педагогы, тренер Н.З. Мухамбеткалиев «Бүйір соққысын үйрену және олардан қорғану» тақырыбында бокс әдістерінің негіздерін көрсетті.    

Су ішіндегі ойындар

Суда жүзу баланың дене құрылысының жетіліуін, шынығуын және әрдайым денсаулығының жақсаруын қалыптастырады. Суда шомылу, жүзу, су ішіндегі ойындар – жаттығулардың ең бір пайдалы түрі болып есептеледі. Бұл жаттығулар – балалардың денсаулығының шыңдалуына және жүйке тамырының нығаюына көп көмегін тигізеді.

Көркем гимнастикадан ашық турнир


         2020 жылдың 7 наурыз күні  көркем гимнастикадан «Көктемгі қарлығаштар» атты ашық турниріне Оқушылар сарайының жас гимнастшылары қатысып жүлделі орындар алды. Олар: Аңшыбек Арай (2012) – 2 орын, Садуақас Асылай (2014) – 1 орын, бірінші старт; Даниял Айша (2012) – 3 орын, Даниял Айым (2014) – 1 орын, бірінші старт; Дәурен Балнұр (2013) – 3 орын, Болат Жулдыз (2012), Бижан Инжу (2012), Касымова Диана (2010), Аккузина Айтумар (2012) –  1 орын, Маненгазы Амира (2012), Лигай Каролина (2012) – 1 орын, Кулжабай Каусар (2012) – 2 орын, Бекова Мадина (2008) – 2 орын, Боброва Даша (2008) – 3 орын.  Жеңімпаздарды құттықтаймыз!


Аналарды құттықтау

2020 жылдың 5 наурыз күні экология-биологиялық бөлімшесінде 8 наурыз мерекесіне арналған дәстүрлі құттықтау кеші өтті. Мерекенің қонақтары аналар, әжелер, педагогтар болды. Олар өздерінің балаларыныңжылы лебіздерін естіп, би-билеп,ән айтып, көңілді ойындарға қатысып, риза болып тарқасты.

8 наурыз

2020 жылдың 5 наурызында, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, “Оқушылар сарайы” МКҚК әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы, Балалар ынтасын үйлестіру, Көркем-қолданбалы шығармашылық бөлімдерінің және Оқушылар сарайының балалар музыка мектебінің әйелдер қауымын құттықтап, алғыс хаттар, грамоталар, гүл шоқтарын тапсырды.