Өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтті

Оқушылар сарайының көрме залында «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтті.

Өткізіліп отырған көрме байқаудың мақсаты айқын. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ санасында ата-баба мұрасын жаңғырту мақсатында қолға алынып отырған бұл байқаудың берері мол.

Аталмыш көрме байқау аясында қаламыздағы О.Таңсықбаев атындағы колледждің арнайы пән оқытушылары С.Оразалиев, Л.Сатпаева, Е.Таңсықбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, көркемөнер бөлімінің меңгерушісі Б.Бектаев, Оқушылар сарайы қосымша білім беру педагогі Р.Болатова ата-бабамыздың мұрасына айналған ұлттық өнер туралы танымдық ой-пікірлерін ортаға салды.   

Жұмыстар 6 номинация бойынша бағаланды. Жеңімпаздарға 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

1 дәрежелі жүлдегерлер: Ұзақ Дана, Әзкен Әди, Ниетбай Исатай Мейрамұлы, Алимов Ділмұрат Пархатұлы, Каим Жанель, Нұрлыбек Нұрай Айбекқызы.
2-дәрежелі диплом иегерлері: Уксимбай Арсен, Нурмят Асыл Айдынылы, Түрлыбекова Айжан, Ким Анель, Коспанова Диана-Омар Елдана, Серікбай Әсел.
3-дәрежелі диплом иегерлері: Бекмұратова Аныр, Жазыбай Бағжан, Айтжан Әлібек Мұхтарұлы, Талдыбек Қайнарбек- Сайлаубек Нүрсейт, Болат Алихан Қантұлы, Жанымханов Мирас.
 1-дәрежелі диплом алған қатысушылар: 2019 жылы 30 қазанда Шымкент қаласында өтетін «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз»  Республикалық көрме-байқауына қатысады.

Қатысушыларымызғы сәттілік тілейміз.