Сіздерді, Ашық есік күніне шақырамыз!

Құрметті ата-аналар, біз сіздің балаларыңызға таңғажайып жаңалықтар әлемін сыйламақшымыз! 15 қыркүйекте сағат 11.00-де Оқушылар сарайының экология және биология бөлімінде және 17 қыркүйекте Туризм және өлкетану бөлімінде, сондай-ақ 17 қыркүйекте сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін Оқушылар сарайының салтанат залында ғылыми-техникалық шығармашылық, көркем-қолданбалы өнер, спорт және әлеуметтік-педагогикалық бағыттар бөлімдерінде «Ашық есік күні» өткізіледі, мұғалімдер жаңадан қабылданған білім алушылардың ата-аналарын түрлі бағыттағы үйірме жұмыстарымен таныстырады, жұмыс нәтижелері туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетеді.