“Жас Ұлан” мен “Жас Қыран” қатары толықты

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Оқушылар сарайында 6 қараша күні Медеу ауданының үздік оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты шарасы өтті. Еліміздің келешегі болар жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде “Жас ұлан” мен “Жас қыранның” атқаратын маңызы зор. Салтанатты шара барысында қатысушыларға аспан түстес галстук байланып, кеуделеріне мүшелік белгілер тағылды. Қуаныштан жүздері жайнаған оқушылар ант қабылдап, жас ұландардың әнұранын шырқады. Еліміздің Жас Ұландары мен Жас Қырандары, сіздерге сәттілік тілейміз!