Алматы қаласы Оқушылар сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Мен Тәуелсіз елімнің патриотымын!» атты қалалық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға Алмалы ауданы, Түрксіб ауданы, Медеу ауданы мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінің мәнерлеп оқу шеберлері қатысты. Әділ қазы алқасында ұстаз, Мұқағали Мақатаев атындағы төс белгінің иегері – Асия Несипбайқызы Малимова, театр және кино актері – Айдос Жеңісұлы Рысхан, ұстаз – Гүлжан Тоқтасынқызы Рахманбекова әділ бағаларын қойып, қатысушы жас талаптарды жігерлендіріп отырды. Тартысты сайыстың жеңімпаздары: жас ерекшелік топтарына байланысты Құрманғазы Құралай, Еркінова Ақмарал 1-ші орын алса, Жақсыбек Альмира, Әрісте Нұрай, Секенбек Гүлім, Тогаева Аружан 2-ші орын, Тілеген Алтынай 3-ші орын иегері атанды. Жетекшілер алғыс хаттар мен өлеңнің майын тамыза оқитын барша қатысушыларымыз сертификаттармен марапатталды.
Барша қатысушылар мен жеңімпаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз.💐💐💐