Month: Желтоқсан 2019

Жоғары оқу орындарының көрмесі өтті.



Бүгін жоғары оқу орындары мен колледждердің қабылдау комиссиялары мамандарының қатысуымен конференция  және оқу орындарының көрмесі өтті.  

Іс-шараның мақсаты – талапкерлер мен ата-аналарға жоғары оқу орындары мен колледждерге және оқуға түсу шарттарымен таныстыру, мамандықтар туралы толық ақпарат беру. Кездесу нәтижелі болды, жоғары оқу орындары мен колледж өкілдеріне көптеген сұрақтар қойылды, оларға нақты жауаптар берілді.

Жасөспірімдер мен ата-аналарына арналған тренинг

Құрметті ата-аналар! 

Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы, жасөспірімдер даму орталығының негізін қалаушы және қоғам қайраткері Максим Скрипниченко, жасөспірімдерге ата-аналарымен өзара сенімді қарым-қатынас жасай білуі бойынша тегін тренинг  өткізеді.

Жас өспірімдер мен ата-аналарға арналған сабақ кестесі: әр сәрсенбі күндері сағат 19.00-21.00, әр сенбі күндері сағат 16.00-19.00-де өтеді. Байланыс телефондары: 87002300228; 87089737519;

Оқушылар сарайының Джаз музыкалық мектебі

7 желтоқсанда Жамбыл атындағы филармонияда  Джаз музыкалық мектебінің «Twinkly Jazz» скрипка ансамблі өнер көрсетті, концерт Гете институтымен және Германия консулдығымен бірлесіп өткізілді. Ансамбльдің жетекшілері Боровикова В.А.., Барков В.А., Иманғұлов Е.М. қатысты.

Татар елінен келген қонақтар

7 желтоқсан  «Оперение» шығармашылық даму студиясымен тәжірибе алмасу бойынша шығармашылық қарым-қатынастың соңғы күні өтті.  Қымбатты қонақтардың шеберлік сыныптары және Оқушылар сарайының әртіс тәрбиеленушілерінің «шеберлік сыныптары» жоғары эмоционалды  деңгейде болды. Қазан студенттерінің қорытынды қойылымдары мен пьесалары өте жөғары деңгейде бағаланды. Көрермендер жас актерлерді көпке дейін жібермеді, қоштасу кезінде шығармашылық ұжымның мүшелерімен әр жетекшілеріне Оқушылар сарайы басшылығының атынан алғыс хаттары мен сыйлықтар тапсырылды. Біз бұл дарынды командаға «келесі кездескенше» деп айтамыз!

Қазан қаласының “Оперение” шығармашылық дамыту студиясы өнер көрсету бағдарламасының екінші күні


Бүгін Оқушылар сарайының «Ертегілер залында» Қазан қаласы “Оперение” шығармашылық дамыту студиясының педагог-режиссері К.А. Карпеев «Қуыршақ театрының тарихы және дамуы» тақырыбында мастер-класс өткізді. Студия көмекшілері Салин И., Ишукова А., Зашидулин И.


Үлкен концерт залында “Оперение” шығармашылық дамыту студиясының жас өнерпаздары моноспектакль “Сказка о Попе и его работнике Балде”, сондай-ақ “До свидания, Овраг” спектакльін көрсетті. Көрермендер, Алматы қаласының мектеп оқушылары драматургияның қырларын үлкен қызығушылықпен көріп, спектакльден ​ ұмытылмас әсер алды.​

“Оперение” шығармашылық даму студиясы қонақтарын қарсы алу

4 желтоқсан күні Оқушылар сарайының Салтанат залында Татарстан Республикасы Қазан қаласынан тәжірибе алмасу бойынша жұмыс сапарымен келген “Оперение” шығармашылық дамыту студиясымен баспасөз конференциясы өтті.  “Оперение” шығармашылық дамыту студиясының негізін қалаушы Ресейдің халық әртісі Константин Хабенский.   

Баспасөз конференциясында “Оперение” студиясының директоры Н. Л. Отлетаева және қоюшы режиссер К. А. Карпеев сөз сөйледі.

Алматы қаласы білім басқармасының адамгершілік-рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Н. Т. Тау және С. С. Галиева-“Иділ” татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығының өкілі, С. Ж. Аралбаев – Медеу ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, О. А. Шәріпов -“Nur Otan” партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Оқушылар сарайының ұжымына тәжірибе алмасу жұмысында табыс тіледі.

Оқушылар сарайының білім алушылары қонақтарды қызықты концерттік бағдарламамен қарсы алды. Баспасөз конференциясының соңында қонақтарға естелік кәдесыйлар сыйға тартылды.

Джаз мектебінің сүйемелдеуімен жанды дыбыстағы концерттік номер

2019 жылдың 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған Esentai Mall сауда орталығында өткен іс-шараға Оқушылар сарайы джаз мектебінің хоры Тагир Михайлович Зариповтың сүйемелдеуімен жанды дыбыста концерттік номерімен қатысты.

Жұмыс сапары

2019 жылдың 4-8 қыркүйек аралығында автоматтандыру мен  робототехника жүйесі, сонымен қатар, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастар негізінде өзара ынтымақтастықты  жетілдіру және озық тәжірибе алмасу мақсатындаАлматы қаласы Білім басқармасы және Оқушылар сарайы делегациясы Татарстан Республикасына іс-сапармен барып қайтқан болатын. 

Осы орайда 2019 жылдың желтоқсан айының 4-7 аралығында «Оқушылар сарайына» Татарстаннан келген қонақтарды қарсы аламыз. Мұндағы басты мақсат: автоматтандыру мен  робототехника жүйесі, сонымен қатар, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастардың негізінде өзара ынтымақтастықты  жетілдіру бойынша озық тәжірибе алмасу  болып табылады.

Қазан қаласының “Оперение” шығармашылық дамыту студиясы, муниципалды бюджеттік мәдениет мекемесіне қарасты Бүкілресейлік қозғалыс алаңының балалар мен жастардың аймақаралық “Оперение” платформасында ұйымдастырылған топ келеді. Бірлестіктің негізін қалаушы Ресейдің Халық әртісі Константин Хабенский.  

            Бұл студияда  біздің елімізге кәсіби сахна шеберлерімен бірлесіп өз өнерлерін ортаға салады, балалардың физикалық және психологиялық тұрғыдан босату, өзін-өзі тану, сезімдер мәдениеті мен әлемді эстетикалық түсіну шығармашылығын және жеке әлеуетін дамытуға көмектесетін бағдарламаларымен бөліседі.

            Олардың жұмыс сапарына байланысты біздің Оқушылар сарайы дайындаған бағдарламада қонақтарға арналған концерттер, Оқушылар сарайының актерлік шеберліктер бойынша мастер-кластар, шеберлік сыныптары, экскурсиялар және музыкалық аспаптар музейіне апару, “Qazaq Oner” студиясында шеберлік сабағы және қаламыздың көрікті жерлерімен танысу қарастырылған.

“1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні” атты көрме-бауқауы

29 қараша күні сағат 15: 00 – де Алматы қаласы “Nur Otan” партия Медеу ауданы филиалымен бірлесіп Тұңғыш Президент күніне арналған “1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні” атты көрме-бауқауы өткізілді. Байқауға Алматы облыстық Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернат, мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы, №17 жалпы білім беретін мектеп-интернатының  балалары, Оқушылар сарайы балалар бірлестіктері қатысты. Көрме-байқау қатысушыларына дипломдар, сертификаттар, естелік сыйлықтар және жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді.