Year: 2019

Құрметті ата-аналар!

Алматы қаласы, Білім басқармасы МКҚК «Оқушылар сарайы» 2019-2020 оқу жылына балет мектебіне балаларды қабылдайды.
Конкурстық іріктеу: 2019 жылдың

  • 12 қараша күні сағат 10.00-13.00;
  • 13 қараша күні сағат 10.00-13.00; 19.00-21.00;
  • 14 қараша күні сағат 10.00-13.00;
  • 15 қараша күні сағат 10.00-13.00; 19.00-21.00;
  • 16 қараша күні сағат 10.00-13.00;

5 пен 10 жас аралығында келесі нормативтік құжаттар негізінде өткізіледі.

• «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (19.04.2019 ж. өзгерістермен)
• «Балаларға қосымша білім беру ұйымдары түрлері бойынша үлгі ережелері», 2013 жылғы 5 шілде, 2018-де түзетілген.
• «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170
• Алматы қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №4606 қаулысымен (ақылы білім беру қызметтерін мақұлдау туралы)
• Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» МКҚК Жарғысы.

Байланыс телефоны: 87272642206, 87772612905;
9.00 -18.00 аралығында хабарласыңыздар.

Күзгі байқауға дайындық

«Қолөнер» балалар бірлестігі «Алтын күз» байқауына дайындық өткізді. Балалар табиғи материалдармен жұмыс жасап, қолөнер бұйымдарын даярлады. Сабақтың мақсаты: табиғатты бағалау және оны сүю, күзгі табиғаттың әсем сұлулығын көрсету.

Логикалық ойлауды дамытамыз.

2019 жылдың 9 қарашасында Оқушылар сарайының «Интеллект» балалар ұйымында сөйлеу, логика, есте сақтау және қарым-қатынасты дамыту бойынша дерексіз ойлауды, аналитикалық сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша сабақ өтті.

Жаттығуларды жеке-жеке және топтық түрде орындай отырып, балалар заттарды ортақ белгілері бойынша жіктеді, олардың арасындағы байланыс пен айырмашылықты тапты және өз пікірлері негізінде қорытынды жасады. Зияткерлік қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды орындады. «Кеме мен ұшақ», «шөп пен гүл», «фортепиано – автомобиль», «бұлтты – паровоз», «ағаш – сурет» сияқты ұғымдардың арасындағы байланыс пен айырмашылықты табу, мақал-мәтелдерге талдау жасау өте қызықты және мазмұнды болды.

Туристік технология бойынша сайыс

«Оқушылар сарайы» МКҚК Туризм және өлкетану бөлімі Әуезов ауданының әкімдігімен бірлесіп туристік технология бойынша сайыс өткізді. Жарысқа Әуезов ауданындағы 150-ден астам мектеп мұғалімдерінен құралған 28 команда қатысты.

Көбелектің суретін натураға қарап салу

«Жас суретші» балалар ұйымының жетекшісі Кәдір Әсел бүгінгі сабағында болашақ қылқалам шеберлеріне қол шеберлігін дамытуды үйретті. Сабақтың тақырыбы: бунақденелілер «Көбелектің суретін натураға қарап салу».

Бақытты елдің ұрпағы

Көркемөнер бөлімі педагогы Т.Даутов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бақытты елдің ұрпағы» атты ән сабағынан үзінді. Сабақтың мақсаты халық әндерін заманауи бағытта әспеттеу.

Жеңімпаздарын құттықтаймыз

2019 жылдың 3-4 қараша күні өткен IV Халықаралық музыкалық «TESSAFEST» фестиваль – конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз. Фадеева Эвелина – 1 орын, Сербия София – 2 орын, Панова Анна – 3 орын, Боровинская Эвелина – 3 орын. Байқаудың арнайы қонағы  mrs. Rose Abegail –  Сandenza Muzic  институтының басшысы (Біріккен Араб Әмірліктері, Абу-Даби).

Зерттеу жұмыстарының қалалық байқауы

Бастауыш сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстарының қалалық байқауы өтетінін хабарлаймыз. Конференция «Оқушылар сарайы» МКҚК, экология-биология бөлімшесінде өткізіледі. Өтетін уақыты: 2019 жылдың 20 қараша күні сағат 10.00-де (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін) және 21 қараша күні сағат 10.00-де (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін) мекен-жайы: Алматы қ. Щепкин көшесі, 27 үй.

Ұйымдастыру комитеті: 12 кабинет; тел: 309-75-99

Жасөспірімдер арасында бокстан біріншілік өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылдың 2 қараша күні Оқушылар сарайы спорт бөлімінің бокс залында жасөспірімдер арасында бокстан «Алтын күз» атты біріншілік өтті. Іс-шараның мақсаты; салауатты өмір салтын насихаттау, спорт шеберліктерін арттыру.Чемпиондар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Біздің жеңімпаздар!

2019 жылы 1-3 қараша аралығында Шымкент қаласында өткен «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз»  Республикалық көрме-байқауына
жолдама алған
1-дәрежелі жүлдегерлер: Ұзақ Дана, Ниетбай Исатай, Холов Ахмаджон, Нұрлыбек Нұрай. Нұрқасымов Нұрбек өз бақтарын сынады.
Нұрлыбек Нұрай “Өңірдің  көркемдік және халықтық қолөнері” номинациясы бойынша жүлделі 3 орын алды.
Қатысушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.