Year: 2019

Қазақстан Республикасының халықаралық тілдер мерекесі күніне орай іс-шара өткізілді.

Алматы қаласы Білім басқармасы

«Оқушылар сарайында» МКҚК балалар  үйірмелеріне қатысушы  оқушылар арасында  22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықаралық  тілдер мерекесі күніне орай іс-шара өткізілді.

19.09.2019 жылы сағат 15.00 де Оқушылар сарайының Салтанат залында «Тіл» мерекесіне орай  оқушылар арасында  концерттік бағдарламалар ұсынылды. Іс-шараға қатысушы  оқушыларды қолдап, вокал үйірмесінің қатысушылары  өз өнерлерін көрсетіп, мереке әсем әнмен, балалардың қуанышты күлкісімен, көрермендердің ризашылықтарымен аяқталды!

Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

«Көп балалы отбасыларға арналған ата-аналар бөлмесі» ашылды

2019 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы қаласы Білім басқармасының «Оқушылар сарайы» МКҚК-да «Көп балалы отбасыларға арналған ата-аналар бөлмесінің» салтанатты ашылуы болды. Көп балалы аналар мен балаларға арналған қонақ бөлмені құрметті қонақтар: Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары – А.А. Нурлыбаев, Білім басқармасының балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бөлімінің жетекшісі – Тау Н.Т., аудан әкімдігінің өкілдері, ата-аналар қауымы ашты.

Оқушылар сарайының педагогикалық ұжымы балалары, мектеп оқушылары Оқушылар сарайының үйірмелеріне қатысу кезінде,көп балалы аналар кең және ыңғайлы бөлмеде демалу үшін, кішкентай балаларды ойыншықтармен ойнатуға және қажет болған жағдайда балалар психологының кеңестерін алуға мүмкіндік жасаған.

Мерекеге қаланың барлық аудандарынан келген көп балалы отбасылар, Оқушылар сарайының білім алушылары мен педагогтары қатысты.  Мереке әсем әнмен, түрлі-түсті шарлармен, балалардың қуанышты күлкісімен, аналардың бақытты күлкісімен  және ризашылықтарымен аяқталды!    

 

«Қуыршақ думан» және «Алматы гүлдер қаласы»

Қала күніне орай «Қуыршақ думан»  және «Алматы гүлдер қаласы» атты шоу концерті

2019 жылдың 12 қыркүйегінде де Қала күніне арналған «Оқушылар сарайы»  алдындағы алаңда « Мемлекеттік қуыршақ театры» мен «Оқушылар сарайы» және Медеу ауданы әкімінің аппараты бірлесі отырып , қаламыздың жас бүлдіршіндеріне арнап «Қуыршақ думан»  және «Алматы гүлдер қаласы»  атты шоу концерті өтті. 

«Қуыршак думан» шоу концерті

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2019 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 15.00 де Қала күніне орай Оқушылар сарайының алдандағы алаңда Медеу ауданы әкімінің аппараты Мемлекеттік қуыршақ театрымен  және Оқушылар сарайымен бірлесі, қаламыздың жас бүлдіршіндеріне арнап «Қуыршақ думан»  шоу концертін өткізеді.

Қойылым авторы және режиссерлері: С.Шүкіров, Қ.Ешмұратова Қуыршақ думан қойылымы концерттік бағдарламадан тұрады. Украина, Армения, Прибалтика қуыршақ ұжымы ұлттық билерін ұсынады және көрермендер мың бұралып билеген қыздардың шығыс билерін де тамашалай алады.

Сондай-ақ, сахнада Роза Бағланова, Майкл Джексон, Фарух Закиров сынды жұлдыздар бой көрсетеді. Әсерлі ән де, мың бұрылған би де көрермендер назарына ұсынылады. Тамаша қуыршақтарды Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының артистері, халықаралық театр фестивалінің жүлдегерлері, қуыршақ өнерінің танымал майталмандары ойнатады.

«Жаһандық құндылықтар және Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымының сапасы» форумы

2019 жылдың 9  тамызында Қазақстан Республикасының білім және ғылымының «Жаһандық құндылықтар және Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымының сапасы» форумы аясында Алматы қаласы Білім Басқармасы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Білім министрі, білім және ғылым, ішкі істер, мәдениет және спорт министрліктерінің, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, жалпы, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік ұйымдардың, ата-аналар қоғамдастықтарының өкілдерінің қатысуымен «Балаларға қосымша білім беру: мемлекеттік білім беру саясатының жаңа мәселелері мен бағыттары» атты қосымша білім беру секциясының отырысы өтті. Қазақстан Республикасы Тәжірибе алмасу, балаларға қосымша білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында форумға Қырғызстан, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының балаларға арналған қосымша білім берудің Еуразиялық қауымдастығының мүшелері қатысты Бөлімде қосымша білім берудің инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту, атап айтқанда: STEM-білім беру және STEAM технологияларын қосымша білімге енгізу, мемлекет, бизнес, азаматтық қоғам институттары, отбасылар арасындағы серіктестік, ведомствоаралық және деңгейаралық ынтымақтастық және т.б. сондай-ақ, секцияға қатысушылар ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту негізінде ғылыми, техникалық, көркемдік және эстетикалық, туристік, өлкетануды, экологиялық және биологиялық бағыттарды дамытуды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін талқылады. Бөлімнің нәтижелері бойынша қорытынды ұсыныстар жасалды.

Балалар бірлестіктеріне жазылу жалғасуда

Құрметті ата-аналар (қамқоршылар), Алматы қаласы Оқушылар сарайының балалар бірлестіктеріне 2019-2020 оқу жылына жазылу жалғасуда. «Қосымша білім беру үшін балалардың құжаттарын қабылдау және қосымша білім беру ұйымына қабылдау» мемлекеттік  қызмет стандартына сәйкес 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170, 7-тармақ, «Тегін немесе ақылы» турде қабылданады. Баланы Алматы қаласы Білім басқармасының bilimalmaty.kz мемлекеттік қызмет көрсету порталында тіркеуге болады:  онда қабылдау шарттары көрсетілген. Үйірмелер мен жазуға арналған құжаттар тізімі Оқушылар сарайының сайтында «Ата-аналар» айдарында көрсетілген

Арыс, Біз біргеміз!

Бүгін, 09  тамыз  Алматы-2 теміржол вокзалына Арыстан келетін 75 оқушының 3 ші аусымы келді. Балаларды анниматорлар, цирк әртісі Мұрат Мұтұрғанов және колледж студенттері «Арыс, Біз біргеміз!» флэшмобымен қарсы алды.

Көңілді көріністер мен сыйлықтардан соң балалар демалу және күш жинау үшін «Өрнек» жазғы лагеріне жіберілді. 
Алматы қаласы Оқушылар сарайының «Өрнек» сауықтыру лагерінде балалар 09 тамыз бен 19 тамыз аралыгында болады. 

Арыс қаласынан келген балаларды марапаттау рәсімі

2019 жылдың 1 тамызында «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінде Арыс қаласынан келген балаларға диплом мен алғыс хаттар табысталып, балаларға мектеп формасы мен кеңсе тауарлары таратылды. Алматы қаласының басшылығына, Алматы қаласы Білім басқармасы МКҚК Оқушылар сарайының «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінің басшылығына жылы қабылдауы мен тамаша жазғы демалысы үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

Алматы қаласына балаларға экскурсия ұйымдастырылды


2019 жылдың 30 шілдесінде Алматы қаласы, Білім басқармасы, МКҚК «Оқушылар сарайы» «Өрнек» лагерінде Арыс қаласынан келген балаларға экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балалар Медеу спорт кешені, Көк Төбе саябағы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы, Жиырма сегіз гвардияшыл-Панфиловшылар саябағы т.б қаламыздың көрікті жерлерінде  болып қайтты.