Month: Қаңтар 2020

“Шахмат» балалар ұйымында өткен ашық сабақ

Педагог оқушыларды “оппозиция” ұғымымен, оның түрлері мен ферзядағы пешкаларды өткізу ережелерімен таныстырды. Сабақ кезінде педагог оқушылардың назарын шахмат тақтасындағы этикет ережелеріне, қарсыласына құрметпен қарауға, төзімділікке, логикалық ойлауды дамытуға көңіл аударуға үйретті. Жұппен жұмыс істеу кезінде типтік позициялар ойнатылды. Сабақ соңында педагог қорытынды жасап, өткен тақырып бойынша фронталды сауалнама жүргізді және үй тапсырмасын орындау үшін диаграммалары бар карточкалар таратты.

«Қысқы старт» жаппай серуені.

 Балалардың қысқы демалысына арналған «Қысқы старт» серуеніне шықтық. Бұл серуенде балалармен қозғалмалы ойындар, “Үздік аққала” байқауы өткізілді, №29, №58 мектеп оқушылары жеңімпаз атанды.  Балалар үшін ең қызықты сәт “Кім әрі қарай сырғанайды” баллондарымен сырғанау жарысы болды. Мұнда №16, №47, №30, №172 мектеп оқушылары өз шеберліктерін көрсетті.

Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындық.


Оқушылар сарайының қазақ күресі залында Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу үшін ұлттық күрес бойынша іріктеу турнирі өтті. Қосымша білім беру педагогы М. С. Мырзалиевтің шәкірттері Мади Нусибов және Джаксылыков Дулат чемпион атанды және Қазақстан біріншілігіне қатысу құқығына ие болды. Оларға Қазақстан Республикасының чемпионатында сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз.

«Менің сүйікті шығармам»

Республикалық жас аспапшылар байқауы

Жыл сайын дәстүрлі “Менің сүйікті шығармам” атты жас музыкант-инструменталистердің республикалық байқауы өткізілуде. Байқаудың мақсаты – мектеп жасындағы балалардың музыкалық шығармашылығын дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу, баланың жеке тұлғасын ашу және ой-өрісін кеңейту болып табылады.

Байқауға қатысушылар Оқушылар сарайының әкімшілігіне байқауды өткізгені үшін, балаларға осы керемет сарайдың сахнасында өздерін сынап көруге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. Көптеген қатысушылар алғаш рет үлкен сахнаға шықты, бұл олардың жадында ұмытылмас әсер қалдырды. Байқау өткізу барысында лауреат, дипломант болып табылатын дарынды балалар анықталып, педагогтарға өз оқушыларының тәрбиесі мен білім алуына қосқан үлесі үшін алғыс хат берілді.   “Менің сүйікті шығармам” конкурсын өткізу өскелең ұрпақтың музыкалық-эстетикалық талғамын қалыптастыруға жағымды әсер етеді,  әрі қарай шығармашылық пен орындаушылық шеберліктерін арттыруға ынталандырады.

Халықаралық робототехника жарысының марапаттау сәті

2020 жылдың 9 қаңтарында робототехника бойынша Қазақстандық халықаралық жарыстар аяқталды. Жарысқа Қазақстан Республикасы бойынша  16 өңірден білім беру ұйымдарының оқушылары мен колледж студенттері және Бішкек, Душанбе,Ташкент қалаларынан  260- тан аса  команда қатысты.  Жарыста жеңімпаз болған командалар сәуір айында АҚШ-та өтетін «VexRobotics» нұсқасы бойынша әлем чемпионатына аттанады.

Робот техникасы бойынша халықаралық жарыстың 3-ші күні

Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайында 2020 жылғы 7-9 қаңтар аралығында цифрландыру аясында робот техникасы бойынша халықаралық жарыстың 3-ші күні өтіп жатыр.

Қазіргі таңда  ширек финал өтуде, ширек финалдан өткен командалар  финалға жолдама алады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз.

Жарыстың ресми интернет-сайты: https://kirc.kz

Жарыс келесі санаттар бойынша өткізіледі:

–            VEX EDR, VEX IQ.

–            Бірінші лига LEGO (FLL).

–            MAKEX.

–            Дүниежүзілік дрондар олимпиадасы.

–            Үлкен саяхат.

–             Робо СУМО.

Робот техникасы бойынша халықаралық жарыс

Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайында 2020 жылғы 7-9 қаңтар аралығында цифрландыру аясында робот техникасы бойынша халықаралық жарыс өтіп жатыр.

Аталған іс-шараға сәйкес жарысқа ҚР бойынша  16 регионнан білім беру ұйымдарының оқушылары мен колледж студенттері және Бішкек, Душанбе,Ташкент қалаларынан  266- дан аса  команда қатысуда.

Жарыстың ресми интернет-сайты: https://kirc.kz

Жарыс келесі санаттар бойынша өткізіледі:

–           VEX EDR, VEX IQ.

–           Бірінші лига LEGO (FLL).

–           MAKEX.

–            Робо СУМО.

–           Дүниежүзілік дрондар олимпиадасы.

–           Үлкен саяхат.

Жас шахматшыларының жетістіктері.

Оқушылар сарайы жас шахматшыларының жаңа 2020 жылғы  жетістіктері.

2020 жылдың 3 қаңтарынан бастап “Чемпион” шахмат мектебі мен “Дебют” шахмат клубында шахматтан қалалық біліктілік турнирі өтуде. Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы В. Я. Кулакованың шәкірттері осы турнирге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар:

Танирбергенов Айжігіт-1 орын және 1 дәреже алды

Қабыкен Арман-1 орын және 4 дәреже алды

Асланов Эмир – 2 орын және 4 дәреже алды

Ануарбер Айдын – 3 орын және 4 дәреже алды.

Балаларға арналған шырша мерекесі.

2020 жылдың 3-ші қаңтарына Оқушылар сарайында жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Шыршадан балалар  керемет әсер алды. Оқушылар сарайы ертегі әлеміндегідей  безендіріліп,  Аяз Ата, Ақшақар, шыршаны көріп,  жас бүлдіршендердің  үміттері  ақталып, мәз -мәйрәм болып қалды.

Жаңа жыл құтты болсын!

Сіздерді Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа 2020 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспіз! Ізгі ниетпен, Оқушылар сарайы ұжымы!