Month: Наурыз 2020

Қымбатты аналарға!”

2020 жылдың 5 наурызында Оқушылар сарайының көрме залында, көркем және қолданбалы  өнер бөлімі “Капелька” балалар вокалдық бірлестігінің “Қымбатты аналарға!” атты есеп беру концерті өтті. Іс-шараның мақсаты: өткен кезеңдегі жұмыс нәтижесін көрсету, балаларға өз даралығын және шығармашылық қабілетін ашуға, аналар мен әжелерді құттықтауға мүмкіндік беру. 

Қазақстандық құндылықтарды – бейбітшілікті, этника аралық келісімді, патриотизмді, ұлттық бірлікті нығайту

“Қазақстандық құндылықтарды – бейбітшілікті, этника аралық келісімді, патриотизмді, ұлттық бірлікті нығайту” дөңгелек үстелі

Оқушылар сарайының “Мәңгілік Ел” мұражайының жұмыс жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 4 наурызында “Мәңгілік Ел” идеясы аясында “Қазақстандық құндылықтарды – бейбітшілікті, этника аралық келісімді, патриотизмді, ұлттық бірлікті нығайту” тақырыбында “Жас Ұлан” клубы мүшелерімен пікірталас – дөңгелек үстелі өтті.

Балаларға ұлттық мемлекеттілік идеясын жүзеге асыру Тәуелсіз Қазақстанда лайықты шешім табатыны туралы мәселелерді талқылауды ұсынды. Әрбір халық өз құндылықтары мен табиғи байлықтарын тек ұлттық мемлекеттің арқасында ғана сақтай алады. “Мәңгілік Ел” идеясы ұлттың одан әрі сапалы дамуы мен ұлттық бірегейлікті нығайту, оны қоғамдық санада бекіту мақсатында барлық қазақстандықтарды біріктіреді.

Осы мәселелерді талқылау слайдтарда көрсетілді. Қатысушылардың жауаптары толық әрі нақты болды, осы тақырыптың өз түсінігіне және Қазақстан тарихы сабағында мектепте алған білімдеріне негізделді.

Вокал және халық аспаптары бөлімдерінде емтихандар аяқталды

2020 жылдың 3-4 наурыз күндері Оқушылар сарайының музыкалық мектебінде вокал бөлімінің екінші тыңдауы және халықтық аспаптар бөлімінде емтихан өтті. Балалар домбыра, қобыз, жетіген, терме шығармаларын ойнады.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында

2020 жылдың 3 наурызында, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “Оқушылар сарайы” МКҚК әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы, балалар музыкалық джаз мектебі мен экология-биологиялық бағыттағы бөлімшеде қызмет атқаратын әйелдер қауымын құттықтады. Оларға грамоталар, алғыс хаттар, гүлдер, сыйлықтар табыс етілді.

Дана Абай – Дара Абай

Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерейтойына байланысты Оқушылар сарайында «Дана Абай – Дара Абай» атты көркемсөз байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: оқушылардың Абай даналығынан нәр алып, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, ізгілік тәрбие алу. Абай әлемі арқылы сұлулыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Байқауға №104, №182, №103 мектеп оқушылары қатысты.

“Жас құтқарушылар”

       Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 2020 жылдың 02 наурыз күні ашық есік күнін өткізді. Бағдарламада – “Алматы қаласы құтқару қызметі” арнайы техникасы мен жабдықтарын көрсету, ҚР ТЖД Апаттар медицинасы орталығы филиалынан арнайы далалық госпиталь ашылды. Бұл іс – шараға жыл сайын республикалық құтқарушылар жарыстарында өнер көрсететін Оқушылар сарайының туристік-өлкетану бөлімшесінің “Жас құтқарушылар” командасы қатысты. Балалар қала оқушыларына өрт сөндіру ісі, туризм техникасы, кинологтардың жұмысын көрсете білді. Бұл дағдылар біздің балаларға пайдалы, өйткені біздің қала техногендік аймақта орналасқан.

“Өнер арқылы жасыл ғаламшарға” экологиялық миниатюралар фестивалі


26 ақпанда “Өнер арқылы жасыл ғаламшарға” атты экологиялық миниатюралар фестивалінің қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Театр әртістері барлық қатысушыларға Ермашева әуесқой театры спектакльдеріне билеттер табыс етті.


Қазақ күресінен қалалық іріктеу турнирі

29 ақпан 2020 жылы Оқушылар сарайының педагогы М. С. Мырзалиевтың шәкірттері Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу үшін қалалық іріктеу турниріне қатысып жүлделі орындар алды. Олар: Нусипов Мади – 1 орын (55 кг салмақта), Елнур Полат – 1 орын (70 кг салмақта), Онгарбай Жанибек – 3 орын (60 кг салмақта).  

“Біз көктемді күтеміз!”

Экология-биология бөлімшесінде “Біз көктемді күтеміз!” мерекесі өтті. Мерекеге жас юнаттар, педагогтар, ата-аналар қатысты. Олар үшін экология-биологиялық бөлімше педагогтары қызықты қойылым дайындады. Спектакльден кейін балалар ойын ойнап, би билеп, дәстүр бойынша көңілді квест ойынымен жалғастырды.

“Арай” жоғары сынып оқушылар клубы

2020 жылдың 1 наурызында “Арай” жоғары сынып оқушылар клубында дәстүрлі “Ұлдар мен қыздар мерекесі” өтті. Бұл мерекенің мақсаты – олардың бір-біріне қажет екендігі үшін шығармашылық түрде алғыс білдіру.