Year: 2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Құрметті қазақстандықтар, Алматы қаласы Оқушылар сарайының оқушылары мен оқытушылар құрамы Сіздерді әрбір қазақстандық үшін айтулы мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды!

Имамадин Нурлыбек Имамадинулы

Алматы экономика және статистика колледжі

Педагогикалық еңбек өтілі:  1 жыл 3 ай

Балалар бірлестігі: «Жас турист»

Білім алушылардың жасы: 13- 14 жас 

«Жас турист» білім беру бағдарламасы – балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру; туризм және өлкетану бойынша білімдерін, біліктері мен дағдыларын кеңейту және тереңдету, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Шамшиман Кудайберген Сембекулы

Шет тілдер және іскерлік мансап университетінің туризм факультеті.

Педагогикалық еңбек өтілі:  1 жыл 3 ай

Балалар бірлестігі: «Жаяу туризм»

Білім алушылардың жасы: 13- 15 жас  

Туристік дағдыларды жетілдіру, сауықтыру жұмыстарын өз еркімен ұйымдастыру, алынған дағдыларды өмірлік қиын жағдайларда қолдана білу. Мақсатты және жүйелі түрде белсенді туристік қызметпен шұғылдану, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Қуандықова Қаракөз Каирқызы

НАРХОЗ  Университеті

Педагогикалық еңбек өтілі:  4 жыл

Балалар бірлестігі: «Жас эколог»

Білім алушылардың жасы: 13- 16 жас

Үйірме жұмыс арқылы балаларға экологиялық тәрбие бере отырып, экологиялық мәдениеттерін арттыру және әлемдік деңгейдегі әртүрлі мәселелермен жақынырақ таныстыру.