2019 жылдың 9 қарашасында Оқушылар сарайының «Интеллект» балалар ұйымында сөйлеу, логика, есте сақтау және қарым-қатынасты дамыту бойынша дерексіз ойлауды, аналитикалық сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша сабақ өтті.
Жаттығуларды жеке-жеке және топтық түрде орындай отырып, балалар заттарды ортақ белгілері бойынша жіктеді, олардың арасындағы байланыс пен айырмашылықты тапты және өз пікірлері негізінде қорытынды жасады. Зияткерлік қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды орындады. «Кеме мен ұшақ», «шөп пен гүл», «фортепиано – автомобиль», «бұлтты – паровоз», «ағаш – сурет» сияқты ұғымдардың арасындағы байланыс пен айырмашылықты табу, мақал-мәтелдерге талдау жасау өте қызықты және мазмұнды болды.