Бүгін Оқушылар сарайының көрме залында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында бейнелеу өнері және мәнерлеп оқу бойынша балалар шығармашылығының “Абай Әлемі» атты көрме-байқауы өтті. Байқаудың мақсат-міндеттері: оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту; Абай шығармаларының өскелең ұрпаққа маңызын көрсету; Ұлы ақынның әдеби шығармаларына қызығушылығын ояту; Көркем әдебиетті насихаттау; Дарынды балалар мен жастардың кәсіби және рухани өсуін, шығармашылық белсенділігін арттыру; Балалардың шығармашылық қабілеттерін және қиялын ашу; Балалар мен педагогтардың шығармашылық әлеуетін іске асыру; Білім алушы жастардың жалпы мәдениетін тәрбиелеу.

Байқауға қатысушылар Абайдың 1 шығармасын және бейнелеу өнері жанрында өзінің көрнекті туындысын ұсынуы туралы талап бойынша үш топтаға жас санатымен оқушылар бақ сынасты. Байқауға Алматы қаласы №19, №42, №168, №159, №172, №17 мектептері оқушылары мен Оқушылар сарайының білім алушылары қатысты.