“Медеу” бекетінде өткізілген «Алғыс айту» күніне арналған іс-шара

Оқушылар сарайының туристік – өлкетану бөлімінде Алғыс күніне арналған флэшмоб пен көңілді старттар өткізілді. Бұл мерекенің негізгі мақсаты барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббаты мен достығының жарқын бейнесін көрсету, өскелең ұрпаққа төзімділік, достық және бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту.Шара “Медеу” станциясында өтті. Бірінші бөлімде қатысушылар «Елімізде достастық нығаюда!»ұранымен флэшмоб өткізді. Балалар достық туралы сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіп, достық туралы мақал-мәтелдер айтып жарысты.