Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 2020 жылдың 02 наурыз күні ашық есік күнін өткізді. Бағдарламада – “Алматы қаласы құтқару қызметі” арнайы техникасы мен жабдықтарын көрсету, ҚР ТЖД Апаттар медицинасы орталығы филиалынан арнайы далалық госпиталь ашылды. Бұл іс – шараға жыл сайын республикалық құтқарушылар жарыстарында өнер көрсететін Оқушылар сарайының туристік-өлкетану бөлімшесінің “Жас құтқарушылар” командасы қатысты. Балалар қала оқушыларына өрт сөндіру ісі, туризм техникасы, кинологтардың жұмысын көрсете білді. Бұл дағдылар біздің балаларға пайдалы, өйткені біздің қала техногендік аймақта орналасқан.