“Қазақстандық құндылықтарды – бейбітшілікті, этника аралық келісімді, патриотизмді, ұлттық бірлікті нығайту” дөңгелек үстелі
Оқушылар сарайының “Мәңгілік Ел” мұражайының жұмыс жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 4 наурызында “Мәңгілік Ел” идеясы аясында “Қазақстандық құндылықтарды – бейбітшілікті, этника аралық келісімді, патриотизмді, ұлттық бірлікті нығайту” тақырыбында “Жас Ұлан” клубы мүшелерімен пікірталас – дөңгелек үстелі өтті.
Балаларға ұлттық мемлекеттілік идеясын жүзеге асыру Тәуелсіз Қазақстанда лайықты шешім табатыны туралы мәселелерді талқылауды ұсынды. Әрбір халық өз құндылықтары мен табиғи байлықтарын тек ұлттық мемлекеттің арқасында ғана сақтай алады. “Мәңгілік Ел” идеясы ұлттың одан әрі сапалы дамуы мен ұлттық бірегейлікті нығайту, оны қоғамдық санада бекіту мақсатында барлық қазақстандықтарды біріктіреді.
Осы мәселелерді талқылау слайдтарда көрсетілді. Қатысушылардың жауаптары толық әрі нақты болды, осы тақырыптың өз түсінігіне және Қазақстан тарихы сабағында мектепте алған білімдеріне негізделді.