Майдангерлердің ерлік ісін әрдайым есте сақтау және Қазақстанның бейбіт өмірін, тыныштығы мен еркіндігін сақтаған жандардың барлығына алғыс айту – біз үшін парыз! Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

Ізгі тілекпен, Айгүл Болатбекқызы.