Білім беру қызметкерлерінің форумы

2022 жылғы 25-26 тамызда Республика сарайында Білім беру қызметкерлерінің форумы өткізілді. Біздің Оқушылар сарайы қосымша білім беру саласындағы негізгі инновациялық бағыттар бойынша көрме павильонымен таныстырылым көрсеткеніне қуанышты. Алматыдағы мыңдаған ұстаздар қауымы алдында сүйікті сарайымызды танытқан балаларымыз бен ұстаздарымызға шын жүректен алғыс айтамыз! Жаңа оқу жылында сәттілік, құрметті әріптестер!