20 қазанда Алматы қаласы Оқушылар сарайында Қытай Халық Республикасының Ұлттық күні мен Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында өткізілген Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған қалалық суреттер байқауының іріктеу турының жеңімпаздары атанған 7-14 жас аралығындағы жас суретшілердің көрмесі ашылды.
Касымов Досбол Максутович, Бектаев Бауыржан Жаканович және Ван Цинпин құрамындағы қазылар алқасы 118 жұмыстың артықшылығы мен өзіндік ерекшелігін атап өтіп, Алматы қаласы Оқушылар сарайының көрме залында ұсынылған үздік 60 жұмысты анықтады.
Құрметті қонақтар – Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ляззат Ауесхановна Жылқыбаева, ПМИД басшысының орынбасары Исламбек Раимов , Алматы мәслихатының депутаты Асия Аканова, Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының Бас консулы Цзян Вэй 20-30 қазан аралығында өткізілетін көрмеде жұмыстары тұратын 16 жеңімпазға дипломдар мен сыйлықтарды табыстады.