«Жаяу туризм» үйірмесінің мақсаты: оқушыларға туризм негіздерін түсіндіру, сабақта алған білімдерін бекіту, табиғаттағы төтенше жағдайларда дұрыс мінез-құлыққа үйрету. Жұмыстың нәтижесі – көп күндік жорықтар.

Туристік және өлкетану іс-шаралары жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, патриоттық, экологиялық, рухани, эстетикалық және еңбекқорлық қасиеттерін дамытуға көмектеседі. Спорттық жаттығулар мен туристік жарыстар арқылы балалар алға қойған мақсаттарына жетуге үйренеді, тез шешім қабылдайды және практикалық туристік дағдыларды меңгереді.