«Жас туристер» білім беру бағдарламасы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, тиімді демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған. Бағдарлама ғылыми, техникалық, көркемдік, шығармашылық, спорттық, туризм және өлкетану бағыттарын біріктіріп, балалардың білімін, іскерлігін және дағдыларын кеңейтіп, тереңдетеді. Мақсаты мен міндеттері: белсенді демалыс арқылы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, танымдық элементтермен бос уақытын тиімді ұйымдастыру, тарихи материалды оқу барысында танымдық қажеттіліктерді дамыту, туған өлке туралы білімдерін кеңейту және тереңдету.