Үйірмеге 6 жастан бастап балаларға фортепианода ойнауды үйренудің мүмкіндігін береді. Оқыту үрдісінде дарынды оқушылар анықталады, олардың әрқайсысы өзінің даралығын, музыкалық мүмкіндіктерін аша алады. Бағдарламаның мақсаты – музыка жасау тәсілдерін жетік меңгеріп, түрлі жанрдағы шығармаларды орындай алатын әуесқой музыканттарды дайындау.
Сабақтар нота жазуды, фортепиано техникасын және негізгі музыка теориясын үйренуді қамтиды. Балалардың шығармашылық қабілеті мен музыкаға икемділігі дами отырып, әуендер мен сүйемелдеулерді таңдауды үйренеді.