«Экологиялық практикум» үйірмесінің міндеті – экология бойынша білімдерін дамытып қана қоймай, табиғат құбылыстарын ғылыми талдау дағдыларын қалыптастыру және қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің маңыздылығын сезіну. Бағдарлама балалардың табиғатқа практикалық көмегінің маңыздылығын түсінуге көмектеседі және табиғатты қорғау мәселелеріне белсенді көзқарас пен бастаманы дамытуға ықпал етеді.
Сабаққа проблемалық оқыту әдістерінің бірі болып табылатын зерттеушілік әрекеттер кіреді. Балалар өз аймағының экологиялық жағдайын жақсырақ түсінуге және туған жеріндегі экологиялық проблемаларды анықтауға көмектесетін өз бетінше ізденіс және ғылыми жобаларға қатысады.