Оқушылар сарайының Туристік-өлкетану бөлімінің оқушылары табиғат аясында денсаулық фестивалін өткізді.
Фестивальде спортшыларымыз 500 м қашықтыққа жүгіру марафонына қатысты. Кәсіби спортшылардан кем түспейтін жас спортшы достарымыз мәреге тез-ақ жетті.
Әртүрлі орындарға ие болған оқушыларымызға алғыс хаттар мен түрлі сыйлықтар табысталды.