Оқушылар сарайының Эколого-биологиялық бөлімінде «Жасыл дәріхана» атты сабақ өтті.
Аталмыш сабақтың мақсаты: оқушылардың салауатты өмір салты жөніндегі ұғымын кеңейту, денсаулық – адам бақытының бірінші байлығы екенін, сонымен қатар табиғат арқылы әркім өз денсаулығының корғаушысы екенін түсіндіру.
Эколого-биологиялық бөлімінің жас зерттеушілері өз қолдарымен өсімдіктер мен көкөністерден түрліше денсаулыққа пайдалы шөп дәрілер мен шайларды дайындады.
Еліміздің болашақта білікті зерттеуші атанар оқушыларымызға тек сәттілік тілейміз!