Педагогтердің тамыз саммиті аясында “Баршаға қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары” нысаналы мектептердің секциялық отырысы

16 тамыз Алматы қаласының Оқушылар Сарайы базасында педагогтердің тамыз саммиті аясында ” Баршаға қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары” тақырыбында мақсатты мектептердің секциялық отырысы өтті. Іс-шараның мақсаты — “943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту” жобасы аясында мектеп басшылығы мен әдіскерлерінің кәсіби қызметінің стратегиялық бағыттарын анықтау. Модераторлар ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова және Алматы қаласы Білім басқармасының Мемлекеттік ғылыми-техникалық орталығының директоры Дәурен Наурызбайұлы Сағынғалиев болды. Іс-шара барысында Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Нусупова Асем Бековна өткізген Алматы қаласының үздік педагогтарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті