Мемлекет басшысының кезекті халыққа Жолдауы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталды.

Мемлекет басшысының кезекті халыққа Жолдауы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталды. Ел Президенті жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік-экономикалық саланы реформалауды көздеп отыр.  Жалпы, былтырғы жолдаудың логикалық жалғасы сияқты.

Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6-қазанда атом электр энергиясын салу мәселесі бойынша референдум өтетінін мәлімдеді.  Ел үшін маңызды мәселені республикалық референдумда өткізу жайлы бастаманы былтырғы жолдауында ұсынған болатын. Референдум туралы заңнамаға сәйкес, оған қатысқандардың жартысынан астамы қолдаса, яғни дауыс беруге құқылы азаматтардың жартысынан астамы референдумға қатысса ғана заңды болады. Сондықтан осындай маңызды сәтте азаматтардың саяси белсенді болғаны жөн болар еді.

Жолдауда Мемлекет басшысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді стратегиялық басымдық деп атады. Яғни, жеке адамнан бастап, тұтас қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекет үшін маңызды екенін атап айтты. Жолдау барысында Мемлекет басшысы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруды ұсынды. «Қарызсыз қоғам» сияқты әлеуметтік жобалардың маңызын айта отырып, құзырлы органдарды да заңсыз әрекеттердің алдын алуға шақырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын өткізудің маңыздылығына да тоқталып өтті. Өз сөзінде аталмыш акцияның ұйымшылдыққа бастайтын берекелі бастама екенін атап өтті. Сонымен қатар, ел Президенті «мектептердің жұмысын жақсартып, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал, – деді. Мемлекет басшысы бұл зор сенімді бізге, білім саласы қызметкерлеріне  жүктеп отыр.