ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған – қазақ тіліндегі «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалі өз жалғасын тапты. Дәстүр бойынша, 1 маусымда, бүкіл әлем сияқты, Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Биыл Халықаралық балаларды қорғау күнінде алғаш рет қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалі (бұдан әрі – Фестиваль) басталады. Өскелең ұрпақтың бойында дәстүрлі тарихи, рухани, мәдени құндылықтар негізінде тұрақты адамгершілік нанымдарын тәрбиелеу «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы басты міндеттер қатарында тұр.
Фестивальдің басты мақсаты – балалар әндерін қазақ тілінде насихаттау және тарату.
Фестивальдің міндеттері:
– білім алушыларды балалар шығармашылығының ең қолжетімді және жаппай түрі ретінде ән өнеріне кеңінен тарту;
– білім алушылар арасында қазақ тіліндегі балалар әндерінің репертуарын кеңейту;
– ән өнерінің отандық дәстүрлерін сақтау және дамыту;
Фестиваль кезеңдері:
1. #ӘНШУАҚ қазақ тіліндегі балалар әндері челленджі. Челлендж қыркүйек-мамыр айларында #ӘНШУАҚ хэштегімен Tik-Tok әлеуметтік желісінде қазақ тіліндегі балалар әндерінің жанды орындалған бейнесін (түпнұсқа аудио) орналастыру арқылы өткізіледі.
Бейнені орналастыру бойынша нұсқаулық қоса беріледі. TikTok мүшесінің аккаунты ашық болуы керек.
Кез келген авторлар мен композиторлардың, оның ішінде қазақ тіліне аударылған балалардың әндерін қазақ тілінде орындау ұсынылады.
2. «Open Air» – #ӘНШУАҚ балалар әндерінің қазақ тіліндегі концерттері 2025 жылғы 1 маусымда сағат 11.00-де республиканың әрбір елді мекенінде бір мезгілде ауылдар, аудандар, қалалар мен облыстар әкімдерінің, ақындардың, композиторлардың, белгілі әншілердің қатысуымен балаларды жаппай тарту арқылы өткізіледі.
«Open Air» өңірлік және республикалық телеарналарда, БАҚ-та бір уақытта көрсетіле отырып өткізіледі.
Фестиваль қатысушылары: 6-17 жастағы білім беру ұйымдарының білім алушылары, қазақстандық орындаушылар, ақындар мен композиторлар, педагогтер, ата-аналар қауымы балалармен дуэт, квартет, топпен ән айтып қатыса алады.
Республикалық қазылар алқасы 2025 жылдың сәуірінде қазақ тіліндегі балалар әндері орындаушылары қатарынан челлендж кезінде мынаны анықтайды:
– Tik-Tok әлеуметтік желісінде ең көп қаралған қазақ тіліндегі танымал балалар әндері;
– Гала-концерт бағдарламасына қосу үшін таңдалғандардың ішінен ең жақсы әндер.
Танымал әндерді орындаушылар Республикалық Гала-концертке әкімдердің жолдамаларын алады.
Гала-концерттің барлық қатысушылары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдамалармен марапатталады.
Байқауға қатысушылардың бәріне сәттілік тілейміз!