
Қадірлі достар!
Біз адамдарды бір-біріне жақындастырып, шынайы табыстыратын, көптен күткен және сүйікті Наурыз мейрамын – Қазақстанның жалпыға ортақ құндылығын қарсы алудамыз.
Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз бұл мерекеге ерекше мән берген. Ұлыстың ұлы күні – Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген.
Әз-Наурыз шаңырақтарыңызға береке-бірлік, молшылық, ырыс-құт әкелсін.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын! Ақ мол болсын!
