Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің еңселі белгісі, халқымыздың бірлігі мен рухының көрінісі. Мемлекеттік рәміздер әрбір азаматтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілікті, ел болашағына деген жауапкершілікті нығайтады.
Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Елтаңбамыздың айбыны асқақтай берсін! Әнұранымыздың асқақ үні халқымыздың ынтымағы мен берекесінің айқын көрінісі болсын!

