«Жасыл Алматы» акциясы аясында 2019 жылдың 1 қараша күні Тұңғыш Президент саябағында Оқушылар сарайы экология-биология бөлімінің ұйымдастыруымен қазақстандық селекционерлер Марьям Сагитова мен Тадеуш Дзевицкийдің сұрыптап шығарған ерекше бөртегүлдердің экология-биология бөлімінде өсірілген көшеттерін отырғызуға арналған «Қалаға бөртегүл сыйлаймыз!» атты іс – шара өтті.
Осы іс шараның нәтижесінде саябақтың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі сиренгарийде бөртегүлдердің әр түрлі сұрыптарының 200-ге жуық көшеттері өз орнын тапты.
Іс-шараның мақсаты – патриоттық сана мен туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, табиғатқа қамқорлықпен қарауды дамыту, Қазақстан селекциясының бөртегүлдерін сақтау және кеңінен насихаттау. Бөртегүлді отырғызуда Алматы жасыл экономика басқармасы, Бостандық ауданының әкімдігі, GreenJenis ҮЕҰ ұйымдастыруда атсалысты. Көшеттерге арналған тыңайтқышты «ЭкоФермер» шаруа қожалығы ұсынды (директоры Тен Д.С.).«Қалаға бөртегүл сыйлаймыз!» акциясына балалар мен олардың ата-аналары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.