Ағымдағы жылдың 19 қараша мен 22 қараша аралығында қаланың барлық аудандарында “Біздің азаматтық ұстанымымыз” атты балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің қалалық слет-байқауының аудандық кезеңі өткен болатын, оның ішінде қалалық байқауға 17 команда іріктеліп алынды.

Қалалық байқау балалардың қоғамдық бірлестіктері мен әлеуметтік маңызы бар бастамаларын қолдауға, олардың белсенді өмірлік ұстанымын ынталандыруға және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Слет-байқау тәжірибе алмасуға және балалар қоғамдық бірлестіктерімен жұмыстың жаңа түрлерін енгізуге, олардың көшбасшылық және шығармашылық әлеуетін дамытуға, жасөспірімдердің қозғалысын жандандырып, насихаттау арқылы олар танымал етуге, тәлімгерлердің, балалар қоғамдық бірлестіктерінің басшылары мен көшбасшыларының кәсіби деңгейі мен беделін арттыруға ықпал етеді.

Слет-байқау белсенді, талантты, шығармашылық балаларды біріктірді. Аудан бойынша ең үздік болып Алатау ауданы – №150,41,184; Алмалы ауданы – №128, 95,39; Әуезов ауданы – № 121,6; Бостандық ауданы – №22, 105, 63; Жетісу ауданы – №3,87,143 Түрксіб ауданы – №50,162; Медеу ауданы – №28,48; Наурызбай ауданы № 200; мектеп командалары атанды.

Жеңімпаздар іріктеу турынан өтіп, бүгін Оқушылар сарайының үлкен концерттік залында өткен қалалық кезеңде өздерінің өмірлік ұстанымдарын қорғап шықты. Әр балаға Қазақстанның нағыз азаматы және патриоты болуға көмектесу, бұл бүгінгі күні-балалар ұйымының ең маңызды міндеттерінің бірі. Байқауға қатысатын әр команданың есебінде ондаған игі істер, шығармашылық бастамалар бар, сондықтан да байқаудың маңызды қорытындысы қызықты жұмыс тәжірибесімен алмасу болды. Қалалық кезеңнің нәтижелерін күтпестен, осы байқаудағы жеңімпаздар жобаның барлық қатысушылары деп сеніммен айтуға болады.

Балалар бірлестігіндегі әлеуметтену процесі балалар мен ересектердің ортақ мүдделері, бірлескен қызметі кезінде ғана тиімді болады. Бұл ретте балалардың өз азаматтық ұстанымын таңдау құқығы қалуы қажет.