Дүниежүзілік темекі шегу және нашақорлықпен күрес күніне арналған “Алматы есірткісіз және темекі түтінісіз” атты мектеп оқушыларының қалалық флэшмобы.

Флешмоб 2019 жылдың 24 қараша күні “Медеу” станциясы Кіші Алматы шатқалында өтті. Флешмобтың ұраны “Салауатты өмір салты үшін оптимизммен тату, батыл!”. Негізгі мақсат-темекі шегудің және есірткінің зияны туралы білімді кеңейту, оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілігін, темекі шегуге және есірткіге деген теріс көзқарасты тәрбиелеу, темекі шегудің және нашақорлықтың зияны туралы нақты түсінікті қалыптастыру.

Іс-шараға Алматы қаласының 8 мектебінен 62 оқушы қатысты.

Балалар флешмобқа шындап дайындалды, әр топ өзінің көрнекі плакатымен шықты.