2019 жылы 19 желтоқсанда Оқушылар сарайы балалар бірлестігін үйлестіру бөлімінің “Арай” жоғары сыныптар клубы білім алушылары Алматы қаласы “SPECIAL OLYMPICS” филиалымен меморандумға сәйкес, күннің бірінші жартысында “КИМЭП” залында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған екі қайырымдылық жаңа жылдық ойын бағдарламасын өткізді. Мерекеге 303 бала қатысты. Аяз ата мен Ақшақар, тышқан және басқа да ертегі кейіпкерлері хоровод жүргізді, ән айтып, балалармен көңілді ойындар өткізді. Ал түстен кейін “Арай” жоғары сыныптар клубының білім алушылары Республикалық онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында Балалар бөлімінде емделіп жатқан 25 балаға осындай бағдарламаны өткізді. Аяз Ата және ертегі кейіпкерлерімен кездесу балаларға қуаныш әкелді.