Author: Арман

Қалалық суреттер байқауы

20 қазанда Алматы қаласы Оқушылар сарайында Қытай Халық Республикасының Ұлттық күні мен Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында өткізілген Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған қалалық суреттер байқауының іріктеу турының жеңімпаздары атанған 7-14 жас аралығындағы жас суретшілердің көрмесі ашылды.

Касымов Досбол Максутович, Бектаев Бауыржан Жаканович және Ван Цинпин құрамындағы қазылар алқасы 118 жұмыстың артықшылығы мен өзіндік ерекшелігін атап өтіп, Алматы қаласы Оқушылар сарайының көрме залында ұсынылған үздік 60 жұмысты анықтады.
Құрметті қонақтар – Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ляззат Ауесхановна Жылқыбаева, ПМИД басшысының орынбасары Исламбек Раимов , Алматы мәслихатының депутаты Асия Аканова, Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының Бас консулы Цзян Вэй 20-30 қазан аралығында өткізілетін көрмеде жұмыстары тұратын 16 жеңімпазға дипломдар мен сыйлықтарды табыстады.

«Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан Қытай-қазақ достығы» тақырыбындағы сурет байқауының қорытындысы.

Алматы қаласы Оқушылар Сарайында Қытай Халық Республикасының Ұлттық күні мен Қазақстан Республикасының күнін мерекелеу аясында Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған қалалық сурет байқауының іріктеу кезеңі аяқталды. 16 қыркүйек пен 5 қазан аралығында ұйымдастыру комитетіне Алматы қаласының 7 мен 14 жас аралығындағы суретшілерден шағын 118 жұмыс келіп түсті. Әділ қазылар, оның құрамына Қасымов Досбол Максутович, Бектаев Бауыржан Жаканович, Ван Ципин кірген қазылар алқасы тақырыпты ашудағы өзіндік көзқарасты, шығармалардың жарқындығы мен өзіндік ерекшелігін атап өтті. Байқау қорытындысы бойынша 20 – 30 қазан аралығында Алматы қаласы Оқушылар сарайының көрме залында ұсынылатын 60 үздік жұмыс анықталды. Біз баршаңызды біздің Оқушылар сарайымызға Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы мен қала әкімдігі өкілдерінің қатысуымен өтетін марапаттау рәсіміне шақырылатын жеңімпаздарымыздың есімдерімен таныстыруға қуаныштымыз.

Сіздерді, Ашық есік күніне шақырамыз!

Құрметті ата-аналар, біз сіздің балаларыңызға таңғажайып жаңалықтар әлемін сыйламақшымыз! 15 қыркүйекте сағат 11.00-де Оқушылар сарайының экология және биология бөлімінде және 17 қыркүйекте Туризм және өлкетану бөлімінде, сондай-ақ 17 қыркүйекте сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін Оқушылар сарайының салтанат залында ғылыми-техникалық шығармашылық, көркем-қолданбалы өнер, спорт және әлеуметтік-педагогикалық бағыттар бөлімдерінде «Ашық есік күні» өткізіледі, мұғалімдер жаңадан қабылданған білім алушылардың ата-аналарын түрлі бағыттағы үйірме жұмыстарымен таныстырады, жұмыс нәтижелері туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетеді.

Құрметті достар!


Оқушылар сарайының ұжымы атынан
Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймыз!
Әрбір Қазақстан азаматы болашаққа деген жолында еліміздің дамуына үлес қосады . Жыл өткен сайын Біздердің ең басты мақсатымыз – Тәуелсіздігіміз бен Бірлігіміз нығая берсін, отбасы аман болсын.Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман болып, болашағымыз кемел болсын!

Білім беру қызметкерлерінің форумы

2022 жылғы 25-26 тамызда Республика сарайында Білім беру қызметкерлерінің форумы өткізілді. Біздің Оқушылар сарайы қосымша білім беру саласындағы негізгі инновациялық бағыттар бойынша көрме павильонымен таныстырылым көрсеткеніне қуанышты. Алматыдағы мыңдаған ұстаздар қауымы алдында сүйікті сарайымызды танытқан балаларымыз бен ұстаздарымызға шын жүректен алғыс айтамыз! Жаңа оқу жылында сәттілік, құрметті әріптестер!