Оқушылар сарайы «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінде Арыс қаласынан келген балалардың жазғы демалысына арналған «Бақытты балалық шақ!» атты мерекесі өтті.
Бұл қазақтың ұлы ақыны, жазушы, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында өтті. Шараға қала әкімдігінің арнайы шақыруымен келген Арыс қаласының балалары қатысты.
Лагердің негізгі аумағында он ақ шатыр орнатылды, онда балалар үшін мастер класс өткізілді.Тәжірибелі мұғалімдердің жетекшілігімен Арыс қаласынан келген қонақтар халықтық қолөнермен ,биссер өруден мастер классқа қатысып, құм мен судан суреттер жасады.
Балалар шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан жарысты
Оқушылар аниматорлармен бірге ертегі кейіпкерлерінің қойылымдары мен Абай шығармашылығына арналған викториналарға қатысты.
Балалар Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа оқыды, ақындар мен жазушылардың Абай туралы айтқан сөздерінен үзінді оқыды. Футбол, баскетбол, «еркін және қазақ» күрестерінен спорттық ойындарға қатысты. Балалар «Көк тудың желбірегені», «Егемен Қазақстан», «Туған жер» және «Елім менің» атты танымал шығармаларды орындады, сондай-ақ Алматы қаласы Білім басқармасы МКҚК «Оқушылар сарайы» , «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінің басшылығына тамаша демалысұйымдастырғандары үшін шын жүректен алғысын білдірді. Соңында Арыс қаласынан келген балаларға сыйлықтар – мектеп формасы, кеңсе тауарлары және кәдесыйлар таратылды.