15.11.2024 Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділ Сабырұлының балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен «Балалардың игілігі үшін» деген ұранмен кездесуі өтті. Талқылауға балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық кеңесі қатысты. Балалық шақ саласы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып қала береді және өзекті мәселелерге жедел әрекет етуді талап етеді. Кездесу барысында өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен игілігін қамтамасыз етуге арналған нақты шешімдер мен бастамалар ұсынылды. Конференция сындарлы және қолдаушы ахуалда өтіп, өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындады!