1846 жылы 28 ақпанда ұлы ақын, жырау, жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл Жабаев дүниеге келді. Ұлы ақын Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде туған.
Ол жасынан өлең-жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім – Сүйінбай…» деп өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған.
Жамбыл 1919 жылы Жетісу халық ақындары бас қосқан слетке қатысады. 1934 жылы республикалық өнер шеберлерінің тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түседі. «Замана ағымы», «Белсенділерге», «Жастар алдындағы сөз», «Қазақстан тойына» сияқты арнау, толғаулары осы тұста жырланды. Оның үздік шығармалары 40-тан астам шет тілдеріне аударылып, Ұлы жырау қазақ халқының поэзиясын бүкіл әлемге жария етті. 1938 жылы Жамбылдың шығармашылық өнерінің 75 жылдығын тойлағанда, оған әлемнің әр түкпірінен құттықтаулар келді.
Ромен Роллан, Мартин Андерсен, Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 1941 жылы Сталиндік (кейін КСРО Мемлекеттік) сыйлығының лауреаты атанған. 1-ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды.