Оқушылар сарайының туристік-өлкетану бөлімінің оқытушысы жас туристтерге тауға шығудың әдіс-тәсілдерін үйретті.
Олар сабақта арнайы арқанмен тауға шығудың оңай әрі қауіпсіз тұстарын үйренді. Сондай-ақ, тәрбиеленушілеріміз алдағы қыс мезгіліндегі ауа-райының өзгеруіне де дайындықты бастап кетті.
Табиғатты аялап, денсаулықтарын шыңдауға баулитын мұғалімі: «Балаларымыз жаттыққан сайын қол мен саусақтары, аяқтары мен арқалары қатайып, барлық дене бұлшық еттері дамиды»,- деп тауға шығудың денсаулығымыз үшін пайдалы екенін айтты.
Сәттілік серіктерің болсын, жас туристтер! Қызыққа толы сабақ барысын сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.instagram.com/reel/C0d5l2iCwt_/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==