«Денсаулық Әліппесі» жас зерттеушілерді адам ағзасының ғажайып әлемімен танысуға және алған білімдерін салауатты өмір салтын ұстану үшін қолдана білуге шақырады. Бағдарлама аясында балалар анатомияны оқып, микроскоппен жұмыс істеуді үйренеді және зерттеуге дайындық жасайды.
Сабақтарда биоактивті нүктелерді табу, алғашқы медициналық көмек көрсету, қан топтарын анықтау, қан қысымы мен пульсті өлшеу бойынша практикалық сабақтар кіреді. Бұл дағдылар балаларға өз денелерін жақсырақ түсінуге және денсаулығын бақылауға көмектеседі.