2020 жылдың 24 ақпан күні Экология-биологиялық бөлімінде Алғыс күніне арналған “Ізгілік еліне саяхат” атты іс-шара өтті. Бұл мереке біздің елімізде Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен өткізіліп келеді. Бұл іс-шараның мақсаты: балаларды қайырымды әрі мейірімді болуға, бейбітшілік пен достықтың жарқын құндылықтарына ұмтылуға шақыру.
Балалар ерекше ізгілік еліне сиқырлы саяхатқа аттанды, онда мейірімділік, сыпайылық, әдептілік сияқты адами қасиеттер туралы айтылды. “Рахмет”, “Өтінемін”, “Кешірім өтінемін” және т. б. сиқырлы сөздерді білу үшін шағын жарыс өткізілді. “Просто так” атты шағын мультфильмді тамашалады.