Оқушылар сарайының Экология және биология бөлімінде жыл сайынғы «Көктем көркі – қызғалдақ» қалалық фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сананы қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілік пен табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу, қызғалдақтың отаны Қазақстанның бейнесін насихаттау.Фестивальға балалар мен ата-аналар, қала тұрғындары мен қонақтары шақырылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Онда кәсіби және балалар ұжымдары өнер көрсетті, «Көктем гүлдерінің себеті» аранжировкашылар байқауы, костюмдер байқауы өтті, «Мың бір қызғалдақ» шеберлік сыныптары, «Көктемнің алуан түрі» асфальтқа сурет салу байқауы, Ашық микрофон балалар поэзиясы алаңы және пленэр байқауы өтті.
Байқау жеңімпаздары мен номинанттар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.