Сабақтың мақсаты: балаларды сәндік-қолданбалы өнерге баулу. “Квиллинг” техникасымен таныстыру.
Сабақтың міндеті: сәндік-қолданбалы өнердің жаңа түрі – квиллинг туралы түсініктерді қалыптастыруға ықпал ету, оқушыларды квиллинг орындау техникасымен таныстыру, қиялын, көрнекі-бейнелі ойлау, әр баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, қағазбен жұмыс істеу дағдысын, қолдың моторикасын дамыту.