Бүгін Алматы қаласы Оқушылар сарайында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың қалалық слеті өтті. Слетті Сарайдың туристік өлкетану бөлімі өткізді. Қатысушылар «Жас өлкетану» номинациясының үш бағыты бойынша іздену және зерттеу жұмыстарын ұсынды:
- «Сөнбейтін жұлдыздар»
- «Туризм-спорт, сауықтыру, демалыс»
- «Халық дәстүрі, әдет-ғұрпы мен өнері» Осындай ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде балалардың бойында туған жердің тарихи естеліктері мен мәдени- рухани мұрасына құрметпен қараумен қатар патриоттық, азаматтық сезімдері қалыптасады.