Республикалық жас аспапшылар байқауы
Жыл сайын дәстүрлі “Менің сүйікті шығармам” атты жас музыкант-инструменталистердің республикалық байқауы өткізілуде. Байқаудың мақсаты – мектеп жасындағы балалардың музыкалық шығармашылығын дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу, баланың жеке тұлғасын ашу және ой-өрісін кеңейту болып табылады.
Байқауға қатысушылар Оқушылар сарайының әкімшілігіне байқауды өткізгені үшін, балаларға осы керемет сарайдың сахнасында өздерін сынап көруге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. Көптеген қатысушылар алғаш рет үлкен сахнаға шықты, бұл олардың жадында ұмытылмас әсер қалдырды. Байқау өткізу барысында лауреат, дипломант болып табылатын дарынды балалар анықталып, педагогтарға өз оқушыларының тәрбиесі мен білім алуына қосқан үлесі үшін алғыс хат берілді. “Менің сүйікті шығармам” конкурсын өткізу өскелең ұрпақтың музыкалық-эстетикалық талғамын қалыптастыруға жағымды әсер етеді, әрі қарай шығармашылық пен орындаушылық шеберліктерін арттыруға ынталандырады.