Көркемөнер бөлімінің қосымша білім беру педагогы, жас маман Болат Айдана 2020 жылдың 21 ақпан күні «Натюрморт» жанрында картиналар салу тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: бейнелеу өнері жанры – натюрмортпен оқушыларды таныстыру. Натюрморттарды тамашалау аса бір әсерлі сәт. Натюрморт салуды суретші оны құрастырудан бастайды. Ол әртүрлі заттарды таңдап салыстырып, солардың ішінде түр және мазмұны жағынан бір-біріне сәйкес заттарды іріктеп алады. Содан кейін суретші натюрморттың композициясын құруға кіріседі. Заттардың орнын қайта-қайта ауыстырып, ең ұтымды нұсқасын іздей отырып, суретші аса тартымды компазицияға қол жеткізеді.