Бүгін Оқушылар сарайында дарынды жас бишілердің басын қосқан «Ақ шағала» қалалық хореографиялық фестиваль-байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараға 10-17 жас аралығындағы өнерпаздар қатысып, өздерінің би шеберлігін көпшілікке паш етті.
Фестивальге қатысқан би ұжымдары: «Эдельвейс», «Күн әлемі», «Еркем-ай», «Айжұлдыз», «Дильраба» (үлкен және кіші топ), «Қарлығаш», «Мармелад», «Арман», «Ақсұңқар» (үлкен және кіші топ), «Ақерке», «Еркеназ». Әрбір өнер көрсетілім көрермендерге ерекше әсер сыйлап, би шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетті.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта да жаңа белестерді бағындырып, шығармашылық табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!









