Оқушылар сарайында Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Жиналғандар Жолдауда көрсетілген экономиканың түрлі салаларын кеңінен цифрландыру, ауыл шаруашылығына инновацияларды енгізу, қалалардың қарқынды дамуын қамтамасыз ету сияқты басым бағыттар басты назарда болатын болды. Сонымен қатар, Жолдаудағы әлеуметтік шаралардың үлкен топтамасының қарастырылғаны да көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар, 2022- 2025 жылдар барысында мәдениет, мұрағат, техникалық сала, жүргізушілер, қорықшылардың еңбек ақыларының жыл сайын 20 пайыз артуы да қоғамда қызу қолдау тауып жатыр. Жиналғандар Жолдау ел азаматтарының әлеуметтік қамтылуын арттыру мен жастарымыздың әрі кемел болашағының негізі болады. Жиналғандар Жолдаудың 11 тарауының маңыздылығына мән беріп, зор ықыласпен қабылдады.